Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508-II Заңы
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 10.07.2023 жылғы № 19-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 10.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Негiзгi ұғымдар
3-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 264 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-1) дараландыру құралы – тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналымға қатысушыларды айыруға арналған белгілеме (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқа);
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
3-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-2-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-3-тармақша алынып тасталды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар – жарнама қызметі жүзеге асырылатын жекелеген салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
3-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия