«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1357 қаулысы
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 10.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін көлікті пайдалану тәртібі
2-бөліктің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану туралы шешімді әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган көлікті пайдалануға арналған өтінімді қалыптастырады, тасымалдау басталатын күн мен уақытты белгілейді және оны көлік саласындағы уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, көліктің меншік иесіне жібереді.
Көліктің меншік иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тасымалдауды орындау үшін көлікті беру және жөнелту мерзімдері туралы шешім қабылдайды.
4. Көлікті ұсынуға арналған өтінім жазбаша немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
5. Көлікті, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін пайдаланған жағдайда, сондай-ақ оны көлік иесіне немесе оны білдіретін адамға қайтару кезінде жергілікті жердің комендатурасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктің техникалық күйін, сондай-ақ оның жинақталуы мен күйін куәландыратын көлік құралын техникалық байқау актісін береді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2020 жылғы № 893 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Пайдаланылатын көлікті көліктің меншік иесі межелі пунктке және кері тұрақты орналасқан орынға дейін тасымалдауды жүзеге асыру үшін жеткілікті жанар-жағармай мен басқа материалдармен қамтамасыз етеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдаудың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқару үшін арнайы білімді қажет ететін көлік көлік құралын басқару дағдылары бар экипажбен (адаммен) бірге беріледі.
7. Авиациямен тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын мемлекеттік орган, заңды немесе жеке тұлға ұшудың орындалуын уақтылы қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған рейс туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жоспарланып отырған рейс туралы хабарлама алған кезде ұшу және қону әуежайларында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Полная версия