Близость слов: Окончание:





Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8918 тіркелді
Редакция 02.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (16.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6188 болып тіркелді, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 135 (26196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды).
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 313-ө бұйрығымен
бекітілген
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (16.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (13.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.07.2023 жылдан бастап)
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық және көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын басқа да жасанды су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылық су айдындарына таралады.
3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) кеме – Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздiгiнен жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде су көлігі қозғалысының тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа да су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және олардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:
1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;
2) тіркелмеген және есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ кемелердің жүзуі;
3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да кемелермен жүруге;
4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігінің тоқтауына рұқсат етілмейді.
6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын кемелерге, авариялық-құтқару жұмыстарын, тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, кеме қатынайтын жолдарда навигациялық белгілерді орнатуды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды орындайтын кемелерге қолданылмайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 17.02.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін шектеу қойылады.
8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (16.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 17.02.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;
2) жеке және заңды тұлғалар үшін жеке меншік құқығындағы кемелердің аспалы және статционарлық моторларының қуаты 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) көп емес;
Жайық-Каспий бассейндерінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері үшін – 40 а.к. көп емес;
бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 100 а.к. көп емес;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес;
кеме қатынайтын су жолдарындағы навигациялық белгілерді орнату және қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың Ертіс бассейнінде стационарлы қозғалтқыштары бар кемелермен тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром) жүзеге асыруы, заңды тұлғалардың Өскемен ГЭС-нен ағыс бойынша төмен қарай 23 км учаскесінде шағын көлемді кемелерді қоспағанда, «Р» сыныпты жазық тонналы кемелермен, стационарлық су лақтыратын қозғағыштары бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, көліктік бақылауды, полиция департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелерін шектеу қойылмайды.
9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
10-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 жылғы № 222 Бұйрығымен(24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа 
енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (13.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.07.2023 жылдан бастап)
Көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» жолданады және сонда сақталады.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер осы Қағидалардың 3-қосымшасында мазмұндалған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Көрсетілетін қызметті берушілердің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы көрсетілететін қызметті алушылардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайталама өтінім беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Уылдырық шашу кезеңінде балық
аулауға тыйым салынған, сондай-ақ
балық аулауға тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі қозғалысының
Ережесіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу
 Берілді:_________________________________________________________ (заңды/жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
 Кеменің атауы___________________________________________________
 Кеменің тіркеу нөмірі_____________________________________________
 Кеменің техникалық параметрлері: _________________________________
 Ұзындығы (метрмен) _____________________________________________
 Ені (метрмен) ___________________________________________________
 Шөгуі (сантиметрмен, метрмен) ____________________________________
 Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айн/мин) __________
 Кеменің типі ____________________________________________________
 Кеменің маркасы ________________________________________________
 Қозғалтқышының қуатты _________________________________________
 Кеме қатынасының мақсаты _______________________________________
 Қозғалыс мерзімі 20__жылғы _______ бастап ________дейін
 Қозғалыс бағдары _______________________________________________
 Тұрақ орны ____________________________________________________
 Қосымша шарттар _______________________________________________
Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі
 Аумақтық бөлімше басшысы: ______________________________ ________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су айдындарында
және (немесе) учаскелерінде
су көлігі қозғалысының
ережесіне 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.05.2016 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (18.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
(кімге)_________________________
(уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің толық атауы)
(кімнен)_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекенжайы_____________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефон)
өтініш берушінің деректемелері___________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш
Заңды немесе жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)_______________________________________________________
Кеме жүргізушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
Кеменің атауы _________________________________________
Кеменің тіркеу нөмірі ______________________________________
Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі):
Ұзындығы (метрмен) _______________________________________
Ені (метрмен) _____________________________________________
Шөгуі (сантиметрмен) _____________________________________
Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айналу/минут) __
Кеменің типі _________________________________________________
Кеменің маркасы __________________________________________
Қозғалтқышының қуаты ____________________________________
Кеме қатынасының мақсаты _________________________________
Қозғалыс мерзімі 20____жылғы _________бастап __________дейін
Қозғалыс бағдары_____________________________________________
Тұрақ орны __________________________________________________
Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні_____________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініштің берілген күні 20__жылғы «__»_____________
__________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
3-қосымша
Осы Ереже 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 жылғы № 255 Бұйрығына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (13.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.07.2023 жылдан бастап)

«Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режимін келісу немесе дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.

2) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті алушы үшін ұсынылады: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – денпортал) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режимін келісу туралы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, интернет-ресурстарынан, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Полная версия
ИС BestProfi