Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1366 қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi