Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2014
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1119 Қаулысына сәйкес
1. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
1. «Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
| Атауы | Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы |
| Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары; Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы |
| Негізгі әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
| Негізгі орындаушылар | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі; «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы |
| Бағдарламаның мақсаты | Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру |
| Бағдарламаның міндеттері | 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру; мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау; мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру; инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру); оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту |
| Бағдарламаның іске асырылу мерзімі және кезеңдері | 2010 – 2020 жылдар I кезең – 2010 ж. II кезең – 2011 ж. III кезең – 2012 ж. IV кезең – 2013 ж. V кезең – 2014 ж. – 2016 ж. VI кезең – 2017 ж. – 2018 ж. VII кезең – 2019 ж. – 2020 ж. |
| Нысаналы индикаторлар | 2010 – 2013 жылдар 1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған орындар саны – 271 268 орын; 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 71,5 %; 3) топтар толымдылығының орташа көрсеткіші – 25 бала; 4) 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 97 %; 5) бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог қызметкерлер үлесі – 25 %. 2014 – 2020 жылдар 1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған жаңа орындар саны – 480 408 орын; 2) балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 100 %; 3) көптілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 50 %; 3) балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.с.с.) – 50 %; 4) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 15 %; 5) біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі – 50 % |
| Қаржыландыру көлемі мен көздері | Бағдарламаны 2011 – 2013 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 165 940 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен – 162 920,5 млн. теңге; жергілікті бюджеттер есебінен – 3 019,5 млн. теңге. Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен – 41 млрд. 242 млн. теңге; жергілікті бюджет есебінен – 149 млрд. 294 млн. теңге |
2. Кіріспе
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
Тәуелсіздік жылдарында республиканың мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
Полная версия

