Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.10.2018
"Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1354 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 05.10.2018 жылғы № 621 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тұжырымдама ағымдағы ахуалды талдауды, аяны, саланы (салаларды) дамытудың үрдістері мен пайымын қамтиды; аяны, саланы (салаларды) дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерін ашып көрсетеді; олар арқылы тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық актілердің тізбесін көздейді.
Тұжырымдамада түйінді проблемалар бөліп көрсетіледі, осы тұжырымдаманың қажеттігінің негіздемесі келтіріледі, тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, орындалу кезеңі және тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер айқындалады.
Тұжырымдаманың мақсаттары түйінді проблемаларды шешу қажеттігінен қалыптастырылады және соған негізделеді, аяны, саланы (салаларды) дамыту пайымын көрсетеді және оң нәтижеге бағытталуы тиіс.
Міндеттер белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің жолдарын айқындайды.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің болжамды мерзімін сипаттайды.
Күтілетін нәтижелер тұжырымдаманы іске асыру нәтижесіне қол жеткізілуі тиіс оң өзгерістерді сипаттайды, сондай-ақ сапалы өзгеруіне ықпал етуі тиіс индикаторларды айқындайды.
Күтілетін нәтижелер бақыланатын және тексерілетін, саны мен сапалық жағынан өлшенетін, абсолютті және/немесе салыстырмалы шамаларда көрсетілуі тиіс.
Тұжырымдамада қолданылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған кезде, олардың мағынасын түсіндіретін кіші бөлім көзделуі мүмкін.
Болған жағдайда, тұжырымдамада Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуі мүмкін ұқсас мәселелерді шешу жөніндегі әлемдік практиканың оң тәжірибесіне шолу келтіріледі.
Тұжырымдамада аяны, саланы (салаларды) дамытудың жалпы тәсілдері, негізгі қағидаттары мен тетіктері көрсетіледі.
Тәсілдер белгіленген міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді амалдары мен әдістерін айқындайды.
Олар арқылы тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, заңдар іске асыру құралдары болады.
Тұжырымдамада оларды орындаудың болжамды мерзімдері көрсетіле отырып, сол арқылы тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізу және міндеттерін шешу болжанатын қолданыстағы және сол сияқты әзірленуі жоспарланып отырған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі келтіріледі. Бұл ретте әрбір міндеттің шешілуі, тұжырымдаманың әрбір күтілетін нәтижесіне қол жеткізу қандай құжат арқылы қамтамасыз етілетіні көрсетілуі тиіс.»;
11, 12 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi