Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін (бұдан әрі – өзгерістер).
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармағын, 3-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағын, 5-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, қырық екінші, қырық үшінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 7-тармағын, 8-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 9-тармағының алтыншы абзацын, 10-тармағын, 11-тармағының жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын, 15-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын, 18-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 19-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20-тармағын, 21-тармағының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 22-тармағын, 23-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 24-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 25-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 27-тармағын, 28-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 29-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 30-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 31-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 32 және 33-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (01.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (01.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. «Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 447-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесiнде:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акционері (тең құрылтайшы) ретінде шетелдік ұйым қатысатын, онда қазақстандық тарапта акциялардың бақылау пакеті (үлестің көбі) сақтала отырып, оның акцияларының пакеті (қатысу үлесі) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталының кемінде 25 %-ын құрауы тиіс, жарғылық капиталы кемінде 50000 айлық есептік көрсеткіш акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталықтың құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері және оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»;
Полная версия