Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 және "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1399 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 07.12.2016 жылғы № 778 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдарына иелiк ететiн, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақылы немесе жалданып қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындаушы (бұдан әрі – карточкаларды дайындаушы) – электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
23) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) өтiнiш берушi – электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшiн карточкаларды дайындаушыға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға;»;
«27) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк, оның ішінде мамандандырылған автомобильдерді:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ақауы жоқ тахографты ажыратып;
3) диаграммалық дискілерді толтырмай;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
Полная версия