Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1335 қаулысы
Редакция 23.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысымен (13.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
14. Хладогенті бар 1 термосыйымдылық Мөлшері 100x100x200 см көп емес.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 13 желтоқсандағы
 № 1335 қаулысына
 қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы
 қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық
 бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды
 материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
 2-қосымша
Сатып алынатын инсинераторларға қойылатын талаптар
Р/с
Инсинератордың типі Инсинератордың сипаттамасы (сипаты) Облыс
1 2 3 4
Аудандық ветеринариялық станциялар үшін
1. № 1 типтегі стационарлық инсинератор Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 150 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 16-17 литрден көп болмауы керек Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
2. № 2 типтегі стационарлық инсинератор Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 50-80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек.
Жанарғының қуаты 160 кВт, КПД=97 % дейін реттеледі. Айнымалы кернеуі 220 В дейінгі желіге қосылады. Габарит ұзындығы х ені х биіктігі (2100 х 1220 х 1560 көп емес)
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Ветеринариялық пункттер үшін
3. № 3 типтегі стационарлық инсинератор Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Астана
4. № 4 типтегі стационарлық инсинератор Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек. Жанарғының қуаты 160 кВт, КПД=97 % дейін реттеледі. Айнымалы кернеуі 220 В дейінгі желіге қосылады. Габариті ұзындығы х ені к биіктігі (2100 х 1220 х 1560 көп емес) Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алматы
Аудандық ветеринариялық станциялар үшін
5. № 1 типтегі жылжымалы инсинератор Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек Ақмола
Ақтөбе
Батыс Қазақстан
Қостанай
Полная версия
ИС BestProfi