Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамын және ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 288 бұйрығы
Редакция 15.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Дене шынықтыру және спорт саласында мамандардың біліктілігін арттыру, жоғары дәрежелі және жас буын спортшыларды даярлау, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды даярлауда жаңашыл технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді қолдану, бұқаралық спортты дамытудың жаңа үлгілері мен әдістемелерін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңесі) құрамы;
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің
2013 жылғы 12 тамыздағы
№ 288 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 15.05.2014 жылғы № 185 Бұйрығымен (12.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Е.С. Никитинский - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ.).
Д.С. Жүсіпназаров - Кеңестің хатшысы, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің бас сарапшысы (Астана қ.).
1. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві секциясы:
- А.Қ. Құлназаров - секцияның басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Э.К. Мұхамеджанов - медицина ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Т.Д. Дүйсенов - медицина ғылымдарының кандидаты, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Б.Хавлахат — «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМКК директорының орынбасары (Астана қ.);
- Ю.В. Мельниченко - Президенттік «Астана» кэсіби спорт клубының басқарушы директоры (Астана қ.), (келісім бойынша);
- Ю.П..Гуськов - «К.Ахметов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РМҚК директорының орынбасары.
2. Бұқаралық спорт және инфрақұрылым секциясы:
- В.Ю. Садов - секцияның басшысы, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының ғылым бойынша кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы (Орал қ.);
- А.Д. Айзақов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі дене шынықтыру департаментінің бас сарапшы, педагогика ғылымдарының кандидаты (Астана қ.);
- Б.Қ. Байжанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дене шынықтыру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.);
- Е.И. Копкина - мұғалім-әдіскер, жоғарғы дәрежелі мұғалім, Ю.Гуров атындағы № 6 гимназияның оқытушысы, (Астана қ.,) (келісім бойынша).
3. Кәсіптік білім және спорттық кадрларды қамтамасыз ету секциясы:
- В.П. Русанов - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру, спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Өскемен қ.), (келісім бойынша);
- А.Қ. Қарақов - «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.);
- С.Ж. Сыздықова - педагогика ғылымдарының кандидаты, бейімделген дене шынықтыру маманы (Астана қ.), (келісім бойынша).
4. Спорттық медицина және допингкке қарсы бақылау секциясы:
- Г.П. Қасымова - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- В.М. Лұқпанов - биология ғылымдарының кандидаты, МАИН мүшесі (Алматы қ.), (келісім бойынша);
Н.Н. Қоңыртаева - АГИУВ натуратерапия кафедраның меңгерушісі, медицина магистрі, PhD докторанты, МАИН мүше-корреспондент, жоғарғы дәрежедегі дәрігер (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- М.Т. Бақашева - «Ұлттық допингке қарсы орталығы» РММ директоры (Алматы қ.);
- Б.А. Есжанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дене шынықтыру департаменті басқармасының басшысы (Астана қ.).
- СМ. Баваев - «Спорттық медицина және оңтайландыру орталығы» РМҚК директоры (Алматы қ.).
5. Спорттық құқық және нормативтік базаны жетілдіру секциясы:
- Т.А. Ботағариев - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу істері жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы (Ақтөбе қ.), (келісім бойынша);
- М.Ә. Сапашев - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті директорының орынбасары (Астана қ.);
- К.Ә. Құрманқұлова - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің стратегиялық даму департаменті басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты (Астана қ.);
- М.И. Адамбеков - Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор (Алматы қ.).
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2013 жылғы 12 тамыздағы
№ 288 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Спорт және дене шынықтыру туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) ғылыми-әдістемелік жұмысты үйлестіретін және оған ұйымдастыру-әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыратын кеңестік орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметін мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) жетекші педагогикалық тәжірибені, заманауи ғылыми жетістіктерді талдау негізінде инновациялық ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және оны спорт практикасына енгізу жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;
2) қазіргі уақытқа сай ғылыми-зерттеу, сараптамалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдықты бағыттарын қарау;
3) оқытушылық құрамның білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы жетекші спорттық педагогикалық тәжірибесін жинақтау және кеңінен тарату: конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар ұйымдастыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар даярлау жөнінде Агенттікке ұсыныстар енгізу.
4. Кеңестің дербес құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.
5. Кеңестің құрамына басшы, басшының орынбасарлары, хатшы, ғалымдар кіреді.
6. Кеңестің жұмысы Агенттік төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Кеңестің отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
7. Кеңес отырыстарының күн тәртібін және өтетін күнін Кеңестің төрағасы анықтайды. Күн тәртібіне Агенттік немесе Кеңестің мүшелері ұсынған шұғыл шешуді талап ететін мәселелер енгізілуі мүмкін.
8. Кеңестің кезекті отырысы және күн тәртібі туралы хабарлама Кеңес мүшелеріне отырысқа дейін 10 күннен кешіктірілмей хабарлануы тиіс.
9. Кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады. Егер Кеңестің жұмысына тізімдік құрамның кемінде жартысынан көбі қатысқан болса және шешім қабылдау үшін Кеңеске қатысқан мүшелерінің кемінде 50 %-ы дауысын берген болса, шешім қабылданған болып есептеледі.
10. Кеңестің шешімдері Кеңес басшысы мен хатшысының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
11. Осы Ережеде анықталған мәселелер бойынша Кеңестің барлық шешімдері Агенттіктің төрағасына келісу және шешім қабылдау үшін ұсынылады.
3. Кеңес мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1) Кеңестің жұмыс бағыттары және шешетін міндеттерге сәйкес Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінен және бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдарды сұрауға және алуға;
2) Агенттіктің құрылымдық бөлімшерінен және оның бағынысты мекемелерінің жұмыс бағыты бойынша ұсынымдар беруге құқылы.
13. Кеңестің мүшелері оның отырыстарына қатысуға, қаралатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға, қажетті ақпараттық материалдарды беруге және қаралатын мәселелерді шешуде қағидаттық танытуға міндетті.
14. Кеңес мүшелері Кеңестің қызметіне жататын мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді.
Полная версия
ИС BestProfi