Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 желтоқсанда № 8957 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
1. Жергілікті бюджеттің есебінен деген бөлімінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
3 Жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит 0-5 жасқа дейінгі балалар орта ауырлық дәрежесі кезінде Амоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған;
Парацетамол, суппозиторилер;
Ибупрофен, суспензия;
Амоксициллин + клавуландық қышқыл, таблетка, ауызға қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ;
реттік нөмірлері 6,7,8,9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
6 Аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Варфарин, таблетка;
Ацетилсалицил қышқыл, таблетка;
Клопидогрель, таблетка;
Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка;
Клопидогрельді қолдану тиімсіз болған кезде Тикагрелор, таблетка;
7 Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; Стенокардия ауыр, варианттық стенокардия, инфаркттан кейінгі кардиосклероз Базалық терапия:
Метопролол, таблетка, соның ішінде баяу бөлінетін, созылмалы әсердегі, ретард; Бисопролол, таблетка;
Изосорбид динитраты, қысқа және ұзақ әсерлі
қосымша терапия –әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******

таблетка, спрей, ұнтақ;
Ацетилсалицил қышқылы, таблетка;
Қосымша терапия:
Амлодипин, таблетка;
Клопидогрель, таблетка;
Изосорбида мононитрат, таблетка, ретард капсулалары, ұзақ әсерлі капсула;
Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка;
8 Артериялық гипертензия Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия;
қосымша терапия –әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******
II-III-IV дәреже; созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия (аралас препаратарды тағайындау кезінде монопрепарттарды тағайындауға рұқсат етілмейді) Базалық терапия:
Эналаприл, таблетка Амлодипин, таблетка;
Индапамид, таблетка, капсула;
Кандесартан, таблетка;
Қосымша терапия:
Бисопролол, таблетка;
Моксонидин, таблетка;
Валсартан + Амлодипин, таблетка;
Телмисартан + Гидрохлортиазид, таблетка;
Эналаприл + Нитрендипин, таблетка;
Лизиноприл + Амлодипин, таблетка;
Фозиноприл, таблетка (қосалқы жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі ар пациенттер үшін);
Периндоприл, таблетка;
Нифедипин, таблетка, оның ішінде баяу және бақыланатын босатумен;
Периндоприл + Индапамид, таблетка, оның ішінде пленкалық қабықпен қапталған;
9 Созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия;
қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Базалық терапия:
Небиволол, таблетка;
Бисопролол, таблетка
Фозиноприл, таблетка;
Спиронолактон, таблетка, капсула;
Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі;
Қосымша терапия:
Кандесартан, таблетка;
Рамиприл, таблетка, капсула;
Дигоксин, таблетка;
Фуросемид, таблетка;
Гидрохлортиазид, таблетка;
Эналаприл, таблетка;
реттік нөмірлері 11,12,13,14,15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
11 Пневмония 18 жасқа дейінгі балалар Ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесі Амоксициллин, таблетка, капсула, дисперсияланған таблетка; ауызға қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ пен түйіршіктер;
Азитромицин, таблетка, капсула, ішуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ;
Амоксициллин + Сульбактам, таблетка, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ;
Амоксициллин + Клавулан қышқылы, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ;
12 Бронхдемікпесі Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді;
Фенотерол, аэрозоль;
Флутиказон, аэрозоль, назалдық спрей;
Беклометазон, дозаланған белсенді демалумен ингаляциялауға арналған аэрозоль, интраназальды қолдануға арналған мөлшерленген спрей;
Будесонид, ұнтақ, ингаляцияға арналған суспензия;
Будесонид+Формотерол фумарат дигидрат, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ;
Сальметерол+Флутиказон пропионат, аэрозоль, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ;
Циклезонид, ингаляцияға арналған мөлшерленген аэрозоль
Преднизолон, таблетка;
Фенотерола гидробромид + Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль;
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-12 жас аралығындағы балалар Монтелукаст натрия, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер;
13 Созылмалы обструктивті өкпе ауруы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Асқыну мен күшею сатысында Фенотерол гидробромид + Ипратропия гидробромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль;
Тиотропия бромид, ингаляцияға арналған ұнтағы бар капсула;
Рофлумиласт, таблетка;
Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ;
Будесонид + Формотерола фумарата дигидрат, ингаляцияға арналған ұнтақ;
Сальметерол+Флутиказона пропионат, ингалятор-дискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ;
14 Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы әлеуметтік қорғалмаған топтарға ****** Асқыну кезеңінде Омепразол, капсула;
Висмута трикалия дицитрат, таблетка;
Амоксициллин, таблетка, капсула, ауызға арналған суспензия;
Фуразолидон, таблетка;
Кларитромицин, таблетка;
15 Крон ауруы және тән емес колит Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Месалазин, таблетка, суппозитории;
Преднизолон, таблетка;
Метотрексат таблетка;
реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
21 Қант диабеті Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген;
Гликлазид, таблетка, оның ішінде модификацияланған босатумен;
Глимепирид, таблетка;
Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі;
Репаглинид, таблетка;
Пиоглитазон, таблетка;
Акарбоза, таблетка;
Метформин/Глибенкламид таблетка;
Глюкагон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
Метформин/Глимепирид таблетка;
Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ертінді;
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер
22 Қантсыз диабет Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Десмопрессин, ауыз арқылы қабылданатын лиофилизат;
23 Онкология Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Қатерлі ісіктердің барлық сатысы Капецитабин, таблетка;
Темозоломид, капсула;
Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді;
Тамоксифен, таблетка;
Фулвестрант, бұлшық ет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді;
Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
Гозерелин, шприц-аппликатордағы тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі депо-капсула (имплантат);
Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді;
Летрозол, таблетка;
Анастрозол, таблетка;
Бикалутамид, таблетка;
Торемифен, таблетка;
Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат;
Клодрон қышқылы, капсула, таблетка;
Интерферон альфа 2а, 2 b, шприц-сықпада;
Тегафур, капсула;
Филграстим, шприц-сықпа;
БЦЖ вакцинасы, порошок для приготовления суспензий для интравизикального введения в комплекте с растворителем;
Тиогуанин****, таблетка;
Меркаптопурин, таблетка;
Лейпрорелин, инъекция үшін суспензия/ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ/инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;






Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия Морфин, инъекцияға арналған ерітінді;
Тримепиридина гидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді;
Трамадол, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді;
Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе;
Кетопрофен, капсула, таблетка, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді;
Диазепам, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді;
Біркомпонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш қорғаныш пастасымен жинақта;
24 Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі*****; Циклоспорин, капсула; ерітінді****;
Микофенол қышқылы/Микофенолат мофетил капсула, таблетка;
Преднизолон, таблетка;
Метилпреднизолон, таблетка, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ;
Такролимус, капсула, оның ішінде ұзақ әсерлі;
Валганцикловир, таблетка;
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
26 Ревматоидтық артрит Диспансерлік есепте тұрған ересектер Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Метотрексат, инъекция үшін ерітінді;
Метилпреднизолон, таблетка;
Голимумаб, инъекцияға арналған ертінді
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
29 Остеоартроз әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (қатаң түрде емшара кабинетінде);
реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:
37 Фенилкетонурия Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Барлық нысандары, өмірлік терапия Комида мед ФКУ – А формула+LCP (11,8 гр. ақуыз 100 гр-да);
Комида мед ФКУ – (31,1 гр. ақуыз 100 гр-да);
Комида мед ФКУ С - 45 (45 гр. ақуыз 100 гр-да);
ФКУ-3 (69 гр. ақуыз 100 гр-да);
Комида мед ФКУ С - 75 (75 гр. ақуыз 100 гр-да);
ФКУ-0 (13 г ақуыз 100 гр-да);
ФКУ-1 (20 г ақуыз 100 гр-да);
РАМ-1 и РАМ-2 (75 г ақуыз 100 гр-да);
Изифен (16,8 гр. ақуыз 1 қаптамада);
емдік ақуызы төмен өнімдер және құрамында фенилаланин аз өнімдер;
Республикалық бюджет қаражаты есебінен деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
3 Қант диабеті Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді;
Екі фазалы инсулин аспарт, орта әсерлі құрамдас (қысқа және орта ұзақтықтағы әсерлі инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия;
Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді;
Инсулин глулизин, картридждердегі ерітінді;
Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, сауыттардағы суспензия;
Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, картридждердегі суспензия;
Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді;
Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, картридждердегі суспензия;
Инсулин лизпро, картридждердегі ерітінді;
Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (қысқа және орташа ұзақтықтағы әсерімен инсулин ұқсастарының қоспасы), картридждердегі суспезия;
Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, сауыттардағы ерітінді;
Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, картридждердегі ерітінді;
Шприц-қаламға инелер;
Кетондық денелер үшін тест-жолақтар;
Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар;
Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар;
1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Жиынтығында шығыс материалдары бар инсулинді помпа;
***** - ауыстырып салынған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупін болдырмау үшін науқастар өмір бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды;
******- әлеуметтік осал топ: 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы    Е. Байжүнісов
Полная версия
ИС BestProfi