«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 13 ақпандағы № 76 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген, «Заң газеті» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2180) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі
Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; Гликлазид, таблетка, түрі өзгерген оның ішінде модификациялық босаумен; Глимепирид, таблетка; Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Репаглинид, таблетка; Пиоглитазон, таблетка; Акарбоза, таблетка; Метформин/глибенкламид, таблетка; Глюкагон, ерітінділер дайындауға арналған дәрі жіберу үшін лиофелизат; микроальбуминурияны анықтау үшін тест-жолақтар, туба;
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі
Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді; Екі фазалы инсулин аспарт, орта әсерлі құрамдас (қысқа және орта ұзақтықтағы әсерлі инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия; Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді; Инсулин глулизин, картридждердегі ерітінді; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, сауыттардағы суспензия; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, картридждердегі суспензия; Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, картридждердегі суспензия; Инсулин лизпро, картридждердегі ерітінді; Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (қысқа және орташа ұзақтықтағы әсерімен инсулин ұқсастарының қоспасы), картридждердегі суспезия; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, сауыттардағы ерітінді; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, картридждердегі ерітінді; шприц-қаламға инелер; кетондық денелер үшін тест-жолақтар; Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар; Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар;
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.