Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2014
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 354 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 желтоқсанда № 8952 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), 21 маусымдағы № 153 (28092) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
637 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қазақстан Республикасы Конституцияның республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»;
016 «Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару, жекешелендiруден кейiнгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«016 Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару, жекешелендiруден кейiнгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу»;
021 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«021 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің күрделі шығыстары»;
070 ««Байқоңыр» кешенінің жалға алынған мүлігін есепке алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«070 «Байқоңыр» кешенінің жалға алынған мүлкін есепке алу»;
Полная версия
ИС BestProfi