2007 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2023
Ресей Федерациясындағы Қазан (Татарстан Республикасы) қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің бөлімшесін ашу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2023 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясындағы Қазан (Татарстан Республикасы) қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің бөлімшесін ашсын және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия