Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1425 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақта:
1), 16) және 20) тармақшалар алынып тасталсын;
4), 6) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әуе кемесінің бортындағы демалу орны – күшейтілген ұшу экипажының мүшесі үшін бизнес-салонның соңғы қатарындағы кресло, күшейтілген экипаждың қызмет көрсететін персоналы үшін экономикалық сынып салонының соңғы қатарындағы кресло. Ұшатын жұмыс уақыты 13 сағаттан асқан жағдайда, күшейтілген ұшу экипажының мүшелеріне арналған демалу орны тігінен 800 (сексен) және одан артық бұрышқа шалқаятын, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жиналмалы ыңғайлы креслолармен жабдықталуға тиіс. Қос экипажға арналған демалу орны, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жатып демалу орындарымен жабдықталуға тиіс;»;
«6) ең көп жұмыс уақыты – көрсетілген кезеңдердегі жұмыс уақытының жиынтығын құрайтын тізбекті кез келген 7 (жеті) тәулікте (апта), тізбекті кез келген 28 (жиырма сегіз) тәулікте (ай), тізбекті кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулікте (жыл) сенімді кәсіптік қызмет үшін экипаждың (экипаж мүшесінің) психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын жалпы жұмыс кезеңі;»;
«13) демалыс күні – негізгі әуежайда немесе оның шегінен тысқары жерде демалу уақыты, ол жергілікті уақыт бойынша 2 (екі) түнді қамтиды және кемінде тізбекті 36 (отыз алты) демалыс сағатын құрайды;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) күшейтілген ұшу экипажы – мүшелерінің саны әуе кемесін басқару үшін ең төменгі қажеттіліктен асатын және ұшу экипажының әрбір мүшесі ұшу кезінде демалу мақсатында өзіне белгіленген жұмыс орнын тастап, ұшу экипажының әуе кемесін басқару кезіндегі лауазымдық міндеттерге сәйкес келетін біліктілігі бар басқа мүшесімен ауыса алатын ұшу экипажы;»;
25), 26), 27), 29), 30) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25) ұшу алдындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқарғанға дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады, ұшу алдындағы демалу уақыты ұшудан кейінгі демалу уақытымен сәйкес келуі немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін;
26) ұшу арасындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінен кейінгі және оған дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады;
27) ұшатын жұмыс уақыты – экипаж мүшесі өзінің ұшуды немесе ұшулар сериясын орындауды қамтитын лауазымдық міндеттерін атқару үшін келген кезде басталатын және өзі экипаж мүшесі болып табылатын ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі толықтай тоқтаған кезде аяқталатын уақыт кезеңі;»;
«29) ұшу уақыты: ұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
тікұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында тікұшақтың тірек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін тікұшақ толықтай тоқтаған және тірек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
30) ұшудан кейінгі демалу уақыты – лауазымдық міндеттер атқарылған кезеңнен кейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады, ұшудан кейінгі демалу уақыты ұшу алдындағы демалу уақытымен сәйкес келуі немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін;»;
«35) пайдаланудағы болжанбаған мән-жайлар – жоспарлауға болмайтын оқиғалар, мысалы пайдаланушыға байланысты болмайтын алдын ала болжанбаған ауа райы жағдайы, жабдықтардың бұзылуы немесе әуе қозғалысының кідіруі;»;
Полная версия