Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1424 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
= red >Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 342-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын және Қағиданың 12-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                         С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1424 қаулысына
қосымша
Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы
1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсімін өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтініш беруші – аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі.
3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi – техникалық комиссия) құрады.
Техникалық комиссияның құрамына білікті, әуе кемелерін пайдалануда кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келісімі бойынша осы ұйымдардың мамандары кіреді.
Полная версия
ИС BestProfi