«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1000 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 901-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр i С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен бекітілген
«Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
біліктілік емтиханынан өту кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
Полная версия