Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
«35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;
36) белгiленген маршрут – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);»;
11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн немесе белгіленген маршрутты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;
«13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшу үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген маршруттың енi 4 километрден белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
Полная версия