Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөнiндегi білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1470 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 тамыздағы
№ 909 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар
1. Осы талаптарда мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы – ортақ мiндеттердi орындау мақсатында технологиялық ілеспе желiлердiң бiрлесiп жұмыс iстеуi;
2) iшкi аймақтық бастапқы желi (бұдан әрі – IаБЖ) – ОПТЖ бiр нөмiрлеу аймағының әртүрлi жергілiкті бастапқы желiлерiнiң үлгілік тарату арналарының өзара қосылуын қамтамасыз ететiн бастапқы желiнiң бiр бөлiгi;
3) туынды байланыс желiсi – бастапқы желi, коммутация станциялары мен тораптары немесе ауыстырып қосу станциялары мен тораптары негізiнде құрылған және екi немесе одан көп белгiлi бiр нүктелер арасында байланыс ұйымдастыруға арналған туынды желiнiң жолдары мен арналарының жиынтығы. Туынды желiнiң абоненттiк шеткi құрылғылармен түйiскен жерi осы желiнiң шекарасы болып табылады;
4) тарату арнасы – жиiлiк жолағында немесе осы тарату желiсiне тән тарату жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар, желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен тарату ортасының кешенi;
Полная версия
ИС BestProfi