Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1515 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
1. «Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 218-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1515 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысымен бекітілген
Магистральдық теміржол желiсін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) «Темір жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы пойыздар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған пойыздар;
2) график тармағы – пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
3) диспетчерлік кесте – пойыздардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнаулы, қосалқы пойыздардың, жолаушы және жүк пойыздарының жедел қозғалыс жоспары;
4) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;
Полная версия