Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 07.07.2021
Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.07.2021 жылғы № 466 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдама бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдама
1. Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалауды пайымдау
1. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы заңнама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінен және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Құрылыс қызметінің негізгі түпкілікті өнімдерінің – ғимараттар мен басқа да салынған құрылыстардың қауіпсіздігі құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл геологиялық, табиғи-климаттық, технологиялық және пайдалану ортасының бірегей жағдайларында жердің нақты учаскесінде кейіннен пайдалану үшін құрылыс қызметіне қатысушылардың ұжымдық және келісіп күш сала отырып шығаратын күрделі, көпқұрауышты бірегей өнімі болып табылатын ғимараттар мен құрылыстардың сипаттамасымен негізделген.
Өткен ғасырдың 90-жылдарында құрылыс нормалары мен қағидаларының басым бөлігін өңдеу жүзеге асырылған болатын. 2004 жылы күшіне енген «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдің нормативтік базасын қайта құрылымдау және саудадағы, оның ішінде құрылыс саласындағы кедергілерді жою мақсатында әзірленді.
Бірақ күтілген нәтижеге бірқатар объективтік себептерге байланысты қол жеткізілген жоқ:
1) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарында өнімдер мен процестердің сапасын қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің сәйкес келмеуі салдарынан.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы нормативтердің (нормалар, қағидалар, стандарттар және басқалар) міндетті сақталу мәртебесі бар. Сонымен қатар, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында техникалық регламенттерден басқа стандарттар мен өзге де нормативтердің ерікті мәртебесі белгіленеді;
2) құрылыс саласын дамыту бойынша нарықтық қатынастар талаптары позициясының және әлемдік техникалық деңгейдегі жетістіктердің құрылымы мен мазмұны бойынша құрылыс саласының ескірген нормативтік-техникалық базасы қайта қаралмаған.
2009 жылы техникалық реттеудің шетелдік тәжірибесін, оның ішінде бірқатар экономикалық дамыған елдердің (Австралия, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ елдерінің, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Жапония) құрылыс саласының нормативтік базасын, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясы мен Украинаның тәжірибесін зерттеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
Талдау техникалық нормалаудың Еуропалық жүйесі бойынша ғимараттар мен құрылыстардың тіреуіш конструкцияларын жобалаудың бірыңғай әдістемесі және төзімділік пен үнемділік аспектілерін ескере отырып, өрт болған жағдайда тетіктік беріктік, тұрақтылық және қауіпсіздік бөлігіндегі екі талапқа сәйкес келуін растайтын дәлелдеу тәсілі ретінде Еурокодтарды қолдану және пайдалану көзделетінін көрсетті.
Полная версия