Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1426 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
= red >Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы Қағиданың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ 4-тармағын, 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1426 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтініш беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жердегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – ұшу тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
Полная версия
ИС BestProfi