Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 және "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1433 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 462-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 413-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1433 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 512 қаулысымен
бекітілген
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасы
1. Осы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын (бұдан әрі – авиация персоналы) кәсіптік даярлау тәртібін және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:
1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;
2) авиация персоналын қайта даярлауды;
3) авиация персоналының кәсіптік деңгейін ұстауды қамтиды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, мынадай қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Полная версия
ИС BestProfi