Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1432 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
= red >Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 412-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алдын ала бағалауды жүргізеді және өтінім берушіге осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтінім бойынша шешімді хабарлайды. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сертификаттық тексеру мерзімі өтінім уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтінім берушіге хабарланады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Полная версия
ИС BestProfi