«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1484 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 258 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1484 қаулысымен бекітілген
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мен оның облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсеге жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Шарттарды жасасу көрсетілетін қызметті берушінің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарындағы шартты жасасуға жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының статистикалық ақпаратын ұсынуға жауапты бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы алдын ала сұрау салуды (статистикалық көрсеткіштің атауын, аумақтық бөліністі және кезеңді көрсете отырып) қағаз тасығышта не электрондық форматта (сканерленген сұрау салу) жібереді, оны сұратылып отырған статистикалық ақпараттың болуын не болмауын айқындау үшін көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары бір жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға сұратылып отырған статистикалық ақпараттың болуы не болмауы туралы растау жолданады.
Қағаз тасығышта не электрондық форматта (сканерленген өтінім) жолданған біржолғы өтініш бойынша сұратылып отырған ақпараттың болуы туралы растауды алған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтке дейін рұқсат етілетін күту уақыты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына құжаттардың топтамасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн.
Шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін барынша рұқсат етілетін күту уақыты шартта баяндалады.
2) Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін барынша ұзақ күту уақыты – 15 минут.
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Полная версия