Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2022 жылғы № 397 Қаулысына сәйкес (24.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2022 жылғы № 397 Қаулысына сәйкес (24.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.11.2016 жылғы № 706 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2022 жылғы № 397 Қаулысына сәйкес (24.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 70-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2022 жылғы № 397 Қаулысына сәйкес (24.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) зейнетақы төлемдері – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақылар, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға Заңға сәйкес берілетін ақшалай төлем;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2022 жылғы № 397 Қаулысына сәйкес (24.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ оның орналасқан орны бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2020 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
5) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2020 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды