Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.10.2015
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1552 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 771 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысымен
бекітілген
«Аудиторлық қызметтi  жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны арқылы;
www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi  көрсету тәртiбi
1) орталық арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
лицензия беру – он бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу – он жұмыс күні ішінде;
Полная версия
ИС BestProfi