Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1537 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
2012 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру үшін халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдық шаралар жүзеге асырылды.
Осы кезеңде саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленіп бекітілді.
Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер Дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының 2,3 млн. адамын (15 %) құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға дейін артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адамды, 2010 жылы – 2,8 млн. адамды (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адамды немесе 20,0 %-ды, 2012 жылы – 3,6 млн. адамды немесе 21,6 %-ды құрады.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсету мен дамытудың тетігі, сондай-ақ бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту процестерінің негізгі сипаттамалары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты профилактикалық және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың профилактикасы, спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда пайдалану болып табылады.
1) спорттық думандар мен спорттық көрсетілетін қызметтер секторынан;
2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
3) халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметтерін ұсынудың әдістері мен құралдарының әр алуандығынан түсетін табыстардың өсуіне әкелді.
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 – 2012 жылдар арасында 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 млн. астам адам қатысты.
Полная версия
ИС BestProfi