«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының 25-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2019
"Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8974 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Инвестициялар және даму министірінің 07.12.2018 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына («Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 6277 болып енгiзiлген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы бекітілсін»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Рауға жүктелсін
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы
1. Осы Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік стандарттау жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағида мемлекеттік органдарға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
Полная версия