Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес
1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
1. Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы |
Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Бағдарлама мақсаты | Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу |
Бағдарламаның міндеттері | Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту; атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері | 1-кезең – 2013 – 2015 жылдар 2-кезең – 2016 – 2020 жылдар |
Нысаналы индикаторлар | Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр: 2016 жылға қарай: кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады; жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды. 2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады. |
Қаржыландыру көздері және көлемі | Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте: 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге; 2014 жылға – 98,3 млрд. теңге; 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге; 2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген. Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
2. Кіріспе
1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты арттырылуда.
Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендеді.
Полная версия