Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI I :
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
"Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 17 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 851-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық оператор уәкілетті органға:
1) 1, 2-қосымшаларға сәйкес тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей;
2) 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей;
3) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өндірушілер уәкілетті органға:
1) 5-қосымшаға сәйкес тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;
2) 6-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын тиеу жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;
3) 7-қосымшаға сәйкес тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемін жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға:
1) 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газына және сұйытылған табиғи газға арналған көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей;
2) 9-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей;
3) 10-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.»;
көрсетілген қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия