Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2017
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 10-2/636 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2017 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1 және 2 қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Тайырұлы Өмірияевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 10-2/636
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде аккредитеу өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің тізімі
1. «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы.
2. «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігі.
3. «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғаларының бірлестігі.
4. «Қазақстан Фермерлер Одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің» заңды тұлғаларының бірлестігі.
5. «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі.
6. «Қазақстандық азық-түлік одағы» заңды тұлғаларының бірлестігі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 10-2/636
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамы
Мүслім Тайырұлы Өмірияев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрайым;
Венера Ғалымжанқызы Хамзина - Инвестициялық саясат департаменті директорының м.а., төрағаның орынбасары;
Ержанбек Құрманбекұлы Бакиров - «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының президенті;
Анатолий Висханович Попелюшко - «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінің президенті;
Саин Рысбайұлы Бақтыбаев - «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғаларының бірлестігінің төрағасы;
Әуезхан Камешұлы Дарынов - «Қазақстан Фермерлер Одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің» заңды тұлғаларының бірлестігінің президент-төрағасы;
Николай Владимирович Радостовец - «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің президенті;
Шолпан Мұратқызы Мусина - «Қазақстандық азық-түлік одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінің вице-президенті.
Полная версия
ИС BestProfi