Близость слов: Окончание:





Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысы
Редакция 09.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті және өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 208 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 208 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 208 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1593 қаулысымен
бекітілген
Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар
Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарда (бұдан әрі – Кешенді жоспар) елдің әлеуметтік-экономикалық даму контекстінде ішкі және сыртқы көші-қонның себеп-салдарлық байланыстарының және ағымдағы проблемаларына жүйелі тәсіл негізінде талдау жүргізілді.
Кешенді жоспарда Қазақстан Республикасының көші-қон саясатын жетілдіру: көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын есепке алу мен болжауды жетілдіру бойынша шараларды іске асыру; білікті жұмыс күшінің кетуіне қарсы іс-қимыл және біліктілігі жоғары шетелдік мамандар үшін қазақстандық еңбек нарығының тартымдылығын арттыру жөніндегі бағыттарды кеңінен қамту көзделеді. Заңсыз көші-қонның жолын кесу және заңды еңбек қызметін кеңейтуге жағдай жасау, заңнама жүйесін жетілдіру және оны көшіп-қонушы еңбекшілердің құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған іс-шаралар ұсынылған.
1. Ағымдағы көші-қон процестерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен өзара байланыста талдау
Демографиялық процестердің өзгеруі елдегі көші-қон саясатын айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақстан өңірлеріндегі демографиялық жағдай біртекті емес және одан әрі халықтың табиғи ұдайы өсіп-өнуі және көші-қонының қалыптасқан үрдістерінің ықпалымен дамитын болады.
Соңғы 10 жылда халықтың табиғи өсімінің шамасы 2,1 есе өсті, бала туу деңгейі 1999 жылғы 14,6 %-дан 2010 жылы 22,5 %-ға дейін өсті.
Дегенмен, БҰҰ-ның демографиялық қартаю шәкілі бойынша Қазақстандағы халық қартаю қарсаңында. Аталған процесс, әсіресе, республиканың солтүстік, шығыс және орталық облыстарына тән.
2020 жылға қарай репродуктивті стереотиптердің және жас ұрпақ ұстанымдарының өзгерістеріне негізделген бала туу деңгейінің төмендеуі күтіледі.
Полная версия
ИС BestProfi