"Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 17 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қаңтарда № 9084 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
08 «Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер» сыныбында:
Қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге қорытындылар бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
1
084
1
22
100
100
Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
1
084
1
23
100
100
Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-қүқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.