«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 9-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 9082 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 18-06/1085 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Азбаев Б.О.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 9-Ө бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде ведомство және уәкілетті орган болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісіп алғаннан кейін Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Комитет Министрлiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
6. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
7. Комитет өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Заңды тұлғаның заңдық мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 5-кіреберіс.
Полная версия