"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 31.08.2015
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7533 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 31 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) тіркеуші органдардың Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.
3. Тіркеуші органдар мынадай әрекеттерді атқарады:
1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды;
3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіреді;
4) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жүргізіледі және олармен жасалған акті жазбалары Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде, егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
2. Тууды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі
5. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары тіркеуші органға оның туылған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туылған жағдайда туылған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктіріктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды тұлғасы береді.
Полная версия

