Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 54 қаулысы
"Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 19.03.2015 жылғы № 254 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысымен (04.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2015 жылы № 202 (28680) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысымен (12.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың өтініш хаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды.»;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 782 Қаулысына сәйкес (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 278-құжат);
2) «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 207-құжат) күші жойылды деп танылсын
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
 № 54 қаулысымен
 бекітілген
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысымен (04.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2015 жылы № 202 (28680) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi