Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 71 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                         С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
 № 71 қаулысымен
 бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензия берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Полная версия
ИС BestProfi