Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды береді:
1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін;
2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері.
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi