Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 04 ақпанда № 9124 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы, қырық жетінші – алпыс алтыншы, тоқсаныншы – тоқсан төртінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының жиырма төртінші – отыз жетінші, елу екінші – елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының сексен алтыншы – сексен тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 3-тармағының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысымен бекітілді
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда «Заң газеті» газетінде № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.».
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 жылғы № 234 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізілді 01.03.2018 жылдан бастап)
Полная версия