Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 85 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 560 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                         С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
 № 85 қаулысымен
 бекітілген
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы берілген сәттен бастап:
технологияларды коммерциялық пайдалану үшін жоба тұжырымдамасын негіздеуге грант беру үшін – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні;
өнеркәсіптік прототип жасауға және оны коммерциялық көрсетуге грант беру үшін – 58 (елу сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi