«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты;
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларында:
10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Концессияға немесе Ұлттық оператордың сенімгерлік басқаруына берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерлер жол органына тұрақты жер пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіге уақытша жер пайдалануға бөлінеді.»;
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол органымен:
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына;
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне;
ескерткіштер қоюға, қоршау орнатуға, сәнді екпелерді отырғызуға;
көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге;
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және жол бойындағы белдеуінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
Полная версия