«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 19.04.2016 жылғы № 234 Қаулысына сәйкес
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 357 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.12.2015 жылғы № 1001 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2010 жылғы № 1520 Қаулысымен (26.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.07.2010 жылғы № 711 Қаулысымен (10.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2010 жылғы № 1111 Қаулысымен (03.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2011 жылғы № 784 Қаулысымен (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1424 Қаулысымен (11.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 357 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2012 жылғы № 541 Қаулысымен (27.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.09.2012 жылғы № 1190 Қаулысымен (28.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы № 498 Қаулысымен (12.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1596 Қаулысымен (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2014 жылғы № 279 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 790 Қаулысымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган 004 «Оператор мен қаржы агентінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.