Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Мақта саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандарты;
2) «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат);
2) «Мақта қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 375-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 15 ақпандағы
 № 94 қаулысымен
 бекітілген
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес;
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
Полная версия
ИС BestProfi