Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2015
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 398-ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 қаңтардан бастап ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 жылғы № 240-Ө Бұйрығына сәйкес
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 398-ө бұйрығымен
бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары
1. Осы Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары (бұдан әрі - Талаптар) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Талаптар да келесі анықтамалар қолданылады:
1) балық қорғайтын құрылғы (бұдан әрі - БҚҚ) - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;
2) су тарту құрылғысы - су объектілерінен су тартуға арналған құрылғылар кешені;
3) уәкілетті орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (конструкцияның қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).
4. Балық шаруашылығы су айдындарында орналасқан су тарту
құрылғыларын БҚҚ-сыз құру және пайдалану жіберілмейді.
2. Су бөгеттері үшін балық қорғау құрылғыларын жобалауға қойылатын талаптар 
5. БҚҚ жобалау кезінде ҚШжЕ 2.06.07-87 «Тіреуіш қабырғалар, кеме қатынасты шлюздері, балық қорғау және былық жіберу құрылғылары» (бұдан әрі - ҚШжЕ) талаптары сақталуы қажет.
6. БҚҚ жобалау сондай-ақ ғылыми зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары негізінде орындалады.
3. Бөгеттердегі пайдаланылатын БҚҚ қойылатын талаптар 
7. Орнатуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген БҚҚ ғана пайдалануға жіберіледі.
Келісімде БҚҚ түрі және оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі.
8. БҚҚ пайдалану ҚШжЕ сәйкес жүргізіледі.
9. БҚҚ жеткіліксіз тиімділігі анықталған кезде пайдаланушы ұйыммен өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген құрылыс жобасы құрастырылады. Құрылысты қайта жобалау ғылыми зерттеулер мен ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады.
10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімісіз БҚҚ қондырғының бір түрінен екінші түріне рұқсат етілмейді.
11. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек.
12. БҚҚ тиімділігі ҚШжЕ сәйкес анықталады.
Полная версия
ИС BestProfi