Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 95 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 550 Бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілген
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары
1. Осы Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:
1) авария – технологиялық процестің бұзылуы, тетіктердің, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы;
2) бақыланатын көрсеткіштер – техникалық құралдардың көмегімен өлшенген немесе құрылыс өлшемдері негізінде есептелген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйінің сандық және сапалық параметрлері;
3) гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі – кеме қатынасының қауіпсіздігін және адамдардың өмірін, денсаулығын, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) қасиеті;
4) гидротехникалық құрылыс (шлюз) қауіпсіздігінің критерийлері – гидротехникалық құрылысты (шлюзді) пайдаланудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің, оны пайдалануға беру мен пайдаланудан шығарудың әртүрлі режимдері мен жағдайлары кезінде оның қауіпсіздігін сипаттайтын бақыланатын диагностикалық көрсеткіштердің шекті мәндері;
5) диагностикалық көрсеткіштер – «құрылыс – негіз – су қоймасы» гидротехникалық құрылыс жүйесінің тұтастай алғанда немесе оның жекелеген бөліктерінің қауіпсіздігіне баға беруге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) жай-күйін диагностикалау мен бағалау үшін неғұрлым маңызды бақыланатын көрсеткіштер;
6) жоғарғы және төменгі бьеф – гидротехникалық құрылыстан (шлюзден) тиісінше жоғары және төмен орналасқан өзен (арна) учаскесі;
7) жөндеу – гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) жарамды күйін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар кешені;
8) К1  – диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің ескерту деңгейі, оған қол жеткізілген кезде гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) және оның негізінің тұрақтылығы, механикалық және сүзгіштік беріктігі, сондай-ақ су төгу және су жіберу құрылыстарының өткізу қабілеті әлі де болса қалыпты пайдалану жағдайларына сәйкес келеді;
9) К2  – диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің шекті деңгейі, одан асып кеткен кезде гидротехникалық құрылысты (шлюзді) жобалық режимдерде пайдалануға жол берілмейді;
10) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бастығы – кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) барлық персоналына басшылық ететін және құрылыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi