«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 495 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
Полная версия