Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.12.2014
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 705 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.12.2014 жылғы № 973 Жарлығына сәйкес
1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізілсін:
Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы,
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша),
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі,
«Төлеушин Қаныш Аманбайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы,
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлеушин Қаныш Аманбайұлы - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісім бойынша)»;
көрсетілген құрамнан Б.Т. Жұмағұлов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Полная версия
ИС BestProfi