Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2015
Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8267 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 сәуірден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қалаларында және басқа елді мекендерінде құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеу қағидасы  бекітілсін.
2. Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның салалық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 603 бұйрығымен
бекітілген
Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасы
1. Осы Қағида нақты елді мекен бойынша құрылыс салудың аумақтық (облыстық, Астана және Алматы қаласының) ережелерін (бұдан әрі – Құрылыс салу ережелері) жасауға арналған, елді мекендердің шекаралары шегіндегі қазіргі заманғы және перспективалық қала құрылысы және әлеуметтік-экономикалық даму, табиғи және басқа да жергілікті шарттар мен ерекшеліктерге қолданылады.
2. Құрылыс салу ережелерi аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары, елдi мекендердiң бас жоспарлары, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-техникалық құжаттар негiзiнде әзiрленедi.
Құрылыс салу ережелерi елді мекендердің аумағында құрылыс салған кезде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді көздейді.
3. Құрылыс салу ережелерi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен оларға құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын анықтайды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң жаңа объектiлерiн орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге) рұқсат етiлетiн рәсiмдердi өткізу тәртiбiн белгiлейдi.
4. Нақты елді мекен бойынша құрылыс салу ережелерін осы Қағиданың талаптарын ескере отырып, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган әзірлейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік органмен келісіледі және облыстық (қалалық) мәслихаттар бекітеді.
Бұл ретте, жоба кезінде аумақтық ережелер нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігіне жергілікті атқарушы органдардың мүдделі бөліктер және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімдермен келісіледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астанананың аумақтық ережелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісіледі.
Бас жоспарға өзгерістер мен толықтырмалар еңгізілген кезде, Құрылыс салу ережелерiне де жарты жыл мерзімде өзгерістер енгізіледі.
5. Құрылыс салу ережелері мынадай тәртіп пен шарттарды айқындайды және бекітеді:
1) құрылыс объектісі үшін құжаттарды орналастыру, беру және құқықтық ресімдеу, оның ішінде:
елді мекеннің аумағына құрылысты кешенді орналастыру және нақты объектіге алаң таңдау;
әлеуметтік маңызы бар не мемлекеттің қорғауындағы аумақта құрылыс объектісін орналастыру және абаттандыру;
құрылыс салуға, абаттандыруға, көгалдандыруға арналған жобалау құжаттамасын бекіту және елді мекенді сәулеттік-көркемдік ресімдеу, бекітілген жобалар бойынша құрылысты жүзеге асыру және объектілерді пайдалануға қабылдау;
құрылыс объектісін құқықтық ресімдеу;
2) құрылысты жүзеге асыру, оның ішінде:
құрылыс объектісі үшін бастапқы деректерді беру;
құрылыс объектісіне арналған жобалау құжаттамасын алдын ала келісу және жер учаскесін таңдау актісін бекіту (қажет болған жағдайда);
сараптама жүргізу (қажет болған жағдайда) және жобалау құжаттамасын бекіту;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау, құрылыс объектілерінің сапасын бақылау және қадағалау және құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау;
3) қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерткенде (қайта жаңартқанда, қайта бейімдегенде, қайта жабдықтағанда, қайта жоспарлағанда, кеңейткенде, күрделі жөндегенде және т.б.);
4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін уақытша сауда, қызмет көрсету объектілерін, шағын сәулеттік нысандарды, сыртқы жарнаманы орналастырғанда.
6. Аумақтық ережелерде оларды әзірлеген кезде елді мекендер аумағының, құрылыс салудың, оларда мәдени, тарихи сәулет-қала құрылысы мұрасын және табиғи ландшафтын сақтаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеру туралы талаптар болуға тиіс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Өңірлік даму министрлігінің 10.01.2014 жылғы № 3/НҚ Бұйрығымен (10.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Қағида аумақтың шекарасын,орташа қорғалатын аумақтың шекарасын және графикалық қосымшалары бар басқа да регламенттерді көрсете отырып, аумақты қала құрылысына пайдалану жоспарын жасау қажеттілігін көздеуге тиіс.
8. Қағида қала құрылысы жобаларына және жерді пайдалану құқығына арналған құжаттарға сәйкес функционалдық мақсаты бойынша және белгіленген шекара шегінде берілген аумақта құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін ескере отырып (шектеулер мен шарттарды), елді мекендердің аумағында сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру қажеттілігін белгілейді.
9. Аса маңызды қала құрылыс тораптары (объектілері) сәулет-жоспарлық және көлем-кеңістіктің шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының Сәулет-қала құрылысы кеңесінде (қажеттілігі бойынша және өкілді органдарда) қаралуға тиіс.
10. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасы болмаса, құрылысқа рұқсат етілмейді.
қайта игерілетін және қайта жаңартылатын аумақты жоспарлаған, онда құрылыс салған және абаттандырған кезде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен оған iргелес жатқан аумақтағы құрылыстарға және өтпе жолдарға кіруін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды көздеуге тиіс;
мемлекеттік (халықаралық) маңызы бар, елді мекендердің аумағында салынуға тиіс объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарауды, келісуді және бекітуді көздейді;
тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбеттері мен балкондарына спутниктік және эфирлық қабылдау құрылғыларын орналастыру жөніндегі шектеулер қарастырылады.
12. Азаматтардың қалыпты демалуын және тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында Қағидада авариялық инженерлік желілердегі, жүйелердегі және коммуникациялардағы аварияларды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда,түнгі уақытта (23.00-ден 6.00-ге дейін) шу шығаратын құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуді шектеу туралы нұсқау болуға тиіс.
13. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңының 30-бабы 5-тармағына сәйкес, дайындалған Аумақтық құрылыс салу ережелері экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс, содан кейін сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Келісілген Аумақтық құрылыс салу ережелері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаттың бекітілуіне ұсынылады.
14. Жобаларды келiсу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге құрылыс салу ережелерi немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгенге дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат бұрын берiлген рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже жаңа талаптарды енгiзуге байланысты осының алдындағы ережелердiң қолданылуы адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
2. Құрылыс салу ережелерінің құрамы және мазмұны
1.1. Құрылыс салу ережелерінің мынадай бөлімдері бар:
2. Құрылыс мақсатында қала құрылысы құжаттамасын іске асыру:
2.1. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары
2.3. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы-рұқсат құжаттарының негізгі тізбесі
2.4. Жобалауға арналған тапсырманы жасау және бекіту
2.5. Жобалау алдындағы рәсімдер және бастапқы материалдарды (деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері
2.6. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы. Жасау және беру тәртібі
3. Құрылыс салуды жүзеге асырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері, жауапкершілігі және құқықтарын қорғау:
3.1. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу
3.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі
3.3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын қорғау
3.4. Азаматтардың шағымдарын (шешімдерге шағымдану) қабылдау мен қарауды, дауларды шешу тәртібі
4. Аумақта құрылыс салуды реттеу тәртібі:
4.1. Тұрғын аумақта құрылыс салу тәртібі
4.2. Қала маңындағы аумақта құрылыс салу
4.3. Құрылыс салуды реттеу аймағының аумағында және табиғи кешенде құрылыс объектілерін орналастыру және абаттандыру тәртібі
5.1. Жаңа құрылыс объектілерін жобалау және қолданыстағы объектілерді өзгерту
5.3. Елді мекендердің аумағындағы инженерлік желілерді және құрылғыларды жобалау және салу
5.4. Қолданыстағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
6.1. Құрылысты жүзеге асырудың жалпы тәртібі
6.2. Уақытша, сауда, қызмет көрсету және жарнама құрылыстарды (объектілерді) орналастыру және салу тәртібі
6.3. Құрылыс объектісінің жобасына (жұмыс жобасына) паспорт беру
6.4. Жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға авариялық және жоспарлы жөндеу жүргізуге ордер алу тәртібі
6.5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау.
6.6. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау
6.7. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау
6.9. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау
7. Халыққа тиесілі көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету үшін құрылыстар орналастыру
8. Құрылыс салу, жөндеу бойынша жұмыстарды және инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережелері:
8.1. Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыс жүргізу ережелері
8.2. Инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары
9. Сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі
Құрылыс салу ережелерінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілерден алынуға тиіс (9-бөлім).
11. Қала құрылыс объектілерін орналастыру мәселелерін шешу және оларды жобалау үшін бастапқы материалдарды беру тәртібін белгілейтін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да бөлімдер. 
Полная версия
ИС BestProfi