БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2014
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 03 ақпандағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 ақпанда № 9154 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 607 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«607 Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
5 «Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламасы бар 607 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«607 Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
006 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»;
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
2 «Халықтың денсаулығын қорғау» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 004 және 005 бюджеттік бағдарламалары бар 607 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«607 Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
004 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
Полная версия

